Биыл мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыс ұйымдастырылуда. Бакалавриатқа 51 500 грант, магистратураға 13,5 мың грант беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті. Оның айтуынша, бакалавриатқа түсушілер міндетті түрде ҰБТ тапсырып, сол сертификатпен тиісті базаға тіркеледі. Осылайша, конкурсқа қатысып, сол баллмен грант ұтып алуы мүмкін.