Біз бір жылдан астам уақыттан бері COVID-19 пандемиясы жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Барлық алдын алу шаралары қажетті нәтиже бермейді. Жұқпалы аурулармен күресудің ең тиімді және ғылыми негізделген әдістерінің бірі әрқашан вакцинация болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс инфекционист-дәрігері Бақыт Көшерова хабарлады.