Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Жұмыс жоспарында 19 іс-шара қарастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.