«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген сапасыз тұрғын үйге қатысты қазақстандықтардың шағымдарына байланысты мәселе өте күрделі. Шағымдар ұдайы түсіп жатады. Бұл туралы ОКҚ-да журналистің сұрағына жауап беру барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.