Қарағандыда мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы бойынша салынған фармацевтикалық кешен жұмыс істеп тұрса да, неге «QazVac» Түркияда өнеркәсіптік көлемде өндірілмек? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер осындай сұрақ қойды. Оған денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді.