МӘМС шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейту; алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау; көлік медицинасын күшейту – бұл Денсаулық сақтай министрлігінің басым қызметтеріне жатады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуі барысында ведомство басшысы Алексей Цой атап өтті. Тізімде сондай-ақ барлық өңірлерде ірі заманауи ауруханалар, сондай-ақ инфекциялық стационарлар салу; ауыл тұрғындарын фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету; медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру; медициналық ұйымдарды кадрлық ресурстармен қамтамасыз етудің 10 жылдық болжамын қалыптастыру; медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту бар.