Денсаулық сақтау жүйесінің мамандары күрделі операцияларды жүргізу кезінде пациент үшін қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуге, сондай-ақ операциядан кейінгі асқынулар мен мүгедектік ықтималдығын азайтуға мүмкіндік беретін жаңа медициналық технологияларды іздестіру және енгізуді тұрақты негізде жүргізеді. Қазақстанда медицинаның бірқатар бағыттары Халықаралық деңгейде табысты бәсекелесуде. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру кездесуінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.