Қазақстан бұрынғы кеңес елдері арасында бірінші болып тамақтандыру қызметін коммерциялық құрылымдарға беру жолымен аутсорсингке өтті. Бұл ретте жеке құрам өзіне тән емес тағам дайындау, асхана бойынша нарядқа түсу, ыдысты жуып-жинау сияқты жұмыстан босатты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов мәлімдеді.