Әскери қызметшінің жайлылығы – нәтижелі іс-қимылдың кепілі, - дейді Қазақстан әскерінде. Сондықтан киім дизайнерлері мен әзірлеушілер әскери форманы үнемі жетілдіріп отырады, жаңа өндіріс технологияларын қолданады, жаңа үлгілерді жасап, сынайды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов мәлімдеді.