Жалған вакцинация паспортын сатудың алғашқы әрекеті қылмыстық жауапқа тартылумен аяқталды. Бұл жағдай дерекқорды қорғауды күшейтуге себеп болды ма? «Ақпарат түскеннен кейін мен Алматы қаласының әкімдігімен байланысқа шықтым, таңертең бұл жағдай бақылауға алынды, күш құрылымдарымен жұмыс істеп, қамауға алу жүргізілді…», - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына берген жауабында.