«Ashyq» жобасы іске қосылған сәттен бастап (2021 жылғы 17 қаңтардан бастап) «қызыл» мәртебесі бар анықталған пайдаланушылардың жалпы саны 1749, «сары» пайдаланушылар – 1268. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.