«Ashyq» жобасына сұраныс артып келеді. Қосымша өзінің тиімділігін көрсетті және бизнеске жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сондықтан барлық өңірлерде «Ashyq» жобасының қазіргі 5 035 қатысушысынан басқа, қосымша 1 200-ден астам өтінім өңделуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады.