Алматы тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцина ала алмауда. Отандық вакцина жетіспейді. «Не істеу керек?». Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг спикерлеріне осындай сұрақ қойылды. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының айтуынша: «…күтпеген дұрыс. Не бар, соны салдыру керек». «QazVac» отандық вакцинасының 50 мың дозасы бүкіл ел бойынша үлестірілді. Бұл 25 мың адамға есептелген. Алматыға 6 мың доза жеткізілді, яғни 3 мың адамға есептелген. Ақпарат жүйелерінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда 2800 адам вакцинацияланған, «QazVac»-тың 200 дозасы әлі де бар.