Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес Үкімет бекіткен Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЕХӘҚ министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.