«Дарын» сыйлығының номинациясын, ақшалай сыйақы беру тәртібі мен мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 1992 жылдан бастап нәтижелі ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ 10 номинация бойынша «Әдебиет, «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка, «Қоғамдық қызмет, «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «халық шығармашылығы»бойынша жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі. «Дарын» сыйлығын алуға өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтте 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары үміткер бола алады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысушылар конкурсқа құжаттарды тапсыру тәртібін түсіндірді.