Пандемияға байланысты және карантин басталғалы біраз шаңырақ шайқалғаны рас. Осыған орай, өзекті проблеманы шешу үшін отбасылық құндылықты насихаттау жолында байқаудан бөлек ынталандыру бағдарламалары қарастырылған ба? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ жолдады. ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Баймановтың айтуынша, былтыр елімізде ажырасулар саны азайған.