2020 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметінің басты бағыттарының бірі этносаралық салада барлық деңгейлерде мемлекеттік органдардың тиімді вертикалін құру болды. Бұл туралы салалық министрліктің басшысы Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен халық алдында есеп беру барысында мәлімдеді. Министрдің ақпараты бойынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі қайта құрылды.