«БАҚ туралы» Заңға енгізілген түзетулерден қандай негізгі өзгерістерді күту керек? Жаңалықтар журналистік қызметке, журналистердің мәртебесін көтеруге қалай әсер етеді, олар үшін қандай жаңа артықшылықтар пайда болады? Журналистердің осындай сұрақтарына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен министрдің халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында жауап берді.