Тағы бір өзекті тақырып – есірткі қылмысына қарсы күрес. Өткен кезеңде мұндай қылмыстардың саны 11%-ға өскені байқалады. ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте есірткі бизнесі бұрынғыдай емес екенін айтты: тұтынушымен тікелей байланыс жоқ. Өткізу онлайн форматқа көшті.