Президенттің тапсырмасына орай ЭЫДҰ елдерінің үлгісі бойынша «полиция – прокурор – сот» деп аталатын қылмыстық процестің үш буынды моделі іске асырылуда. Полиция қылмысты ашып, дәлелдемелер жинайды, прокуратура процестік шешімдерді қабылдайды, ал сот үкім шығарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді. Тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі осы тәсілдің артықшылығы болып табылады, азаматтардың құқықтарын қорғау тетігі күшейтіледі.
Қылмыстық процесті жаңғырту іске асырылуда – ҚР Бас прокуратурасы
Тегтер:
сот төрелігі