Жүрек-қан тамырлары аурулары – COVID-инфекцияның ауыр түрінің дамуының барлық көп орталықты зерттеулерін талдау бойынша №1 қауіп факторы. Оның қалай болатынын болжау өте қиын. Өкінішке орай, ілеспе ауыр аурулары жоқ, бірақ өкпесінің басым бөлігі зақымданған COVID инфекциясының ауыр түріне шалдыққан жас науқастар өте көп. «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, ҚР ДСМ бас кардиологы Махаббат Бекбосынова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай бақылаулармен бөлісті.