Балалардың дарындылығын қолдау зияткерлік олимпиадаларды, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар, орындаушылар конкурстарын, сондай-ақ кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстар өткізу арқылы бірнеше бағытта жүзеге асырылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізетін барлық жарыстар, оның ішінде зияткерлік, шығармашылық, спорттық жарыстар бюджет қаражаты есебінен өткізіледі. Олардың барлығы оқушылар үшін тегін. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.