2021 жылдың 1 маусымында қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік ең жоғары шахмат атағын – халықаралық ерлер гроссмейстері атағын орындап, «FIDE Women`s Grand Prix» турнирінде жеңіске жетті. Бұл 2021 жылдың 2 маусымында Гибралтарда өткен FIDE әйелдер Гран-при сериясының қорытынды кезеңі. Бұл Қазақстан Республикасы үшін айтулы оқиға! 21 жастағы Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында ерлер гроссмейстері атағына ие болған алғашқы қазақстандық, сондай-ақ алғашқы Орталық Азия өкілі атанды.