Азық-түлік бағасы күн сайын өсуде. Қырғызстан картобының бағасы 400 теңгеден, Әзірбайжан құлпынайының килограмы 3000 теңгеге жетеді, қырғызстандық шиеінің бағасы 1700 теңгеге дейін, қызанақ- 800 теңгеден. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрған жоқ па және сөрелердегі отандық азық-түлік қайда? Журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысынан ауыр жағдай туралы сұрады. Сапархан Омаров қауіп жоқ деп сендірді.