Шыны зауыты – облыс үшін стратегиялық маңызды жобалардың бірі. Сондықтан оны жүзеге асыру аймақ басшысының жеке бақылауында. Гүлшара Әбдіқалықова құрылыс алаңына үнемі барып тұрады, зауыт басшыларымен бірге туындаған мәселелерді шешеді. Бұл туралы әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. Журналистер құрылысы 5 жылдан астам уақытқа созылған кәсіпорын жайлы сұрады.