Биыл қыста қардың, көктемде жауын-шашынның түспеуі – мал өсіріп отырған шаруаларға қиындық тудырып отыр. Өңірдегі қуаңшылық жағдайына орай мал басын сақтап қалу мақсатында жем-шөппен қамту шараларын қабылдау үшін арнайы штаб құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аймақ басшысы Серікбай Трұмов мәлім етті. Оның айтуынша, Ақтөбе облысымен меморандумдар жасалды. Бұл мақсаттарға тиісті қаражат қарастырылды. Бүгінгі күндері көрші облыстардан тиелген жем-шөп өңір шаруаларына жеткізіледі.