Жыл басынан бері Павлодар облысының экономикасына 134,6 млрд теңге тартылған. Бұл өткен жылдың сәйке мерзімімен салыстырғанда үштен бір есеге көп. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов мәлім етті. Оның айтуынша, өңірде инвестиция тарту жұмыстары қайта жандандырылды.