Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 21 мамырда Үкімет Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады. Құжат облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға және өңірдің кешенді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.