Ағымдағы жылдың 5 айында өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіммен 17 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Инвесторлар жыл соңына дейін инвестиция сомасы 150 млрд теңгеден асатын 23 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр, оның жартысы тамақ өнеркәсібі жобалары. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өз баяндамасында осындай деректерді келтірді.