Тау-кен металлургия өнеркәсібінде де тауашалы жобалар іске асырылуда. Биыл өңірде екі алтын шығаратын фабрика іске қосылады деп күтілуде. Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 10 млн тонна кенге жетеді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.