Ағымдағы жылы пандемия салдарын азайту және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында жаңа салықтық өзгерістер қабылданды. Тиісті заң жобасын Сенат қабылдады. Алдымен арнайы мобильді қосымшаны қолданатын арнайы салық режимі енгізіледі. Шара жеке кәсіпкерді тіркеуді және қызметін тоқтатуды жеңілдетуге, салықтық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлімдеді.