ҚР Қаржы министрлігі көлеңкелі экономикаға қарсы күресті кеңейтіп, кірістер мен шығыстарды есепке алудың ашық жүйесін қамтамасыз етеді. Салықтық және кедендік әкімшілендіруде ең тиімдісі - бұл жеке тұлғаларға да, бизнеске де салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелер мен цифрлық шешімдерді қолдану. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.