Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Абат Имамбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ел халқын «Қазақстан Барысы» турнирінің 10 жылдығымен құттықтады. Оның айтуынша, осы кезеңде қазақ күресін ел ішінде кеңінен насихаттап келе жатқан «Қазақстан Барысы» жобасының танымалдылығы артып, өзіндік дәстүр қалыптасты.