«Қазақстан Барысы» бүгінгі күні төл өнерімізді жаңғыртып, ұлттық ойындарымызды насихаттайтын дүбірлі додаға айналды. Жанкүйерлер саны жыл санап артып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Qazaqkuresi қауымдастығының спортты дамыту жөніндегі директоры Бақдәулет Сәбитов мәлімдеді.