«Қазақстан барысы» мерейтойлық турнирі 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бірақ елорда «қызыл аймақта» болғандықтан, спорт кешеніне көрермендердің тек 20% - ы ғана кіре алады, яғни мың адам. Кіруге «Ashyq» қосымшасы арқылы рұқсат етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Qazaq kuresi» қауымдастығының спортты дамыту жөніндегі директоры Бақдәулет Сәбитов хабарлады.