Көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және «Дельта» («Үнді») штаммының алдын ала анықталуына байланысты кеше ведомствоаралық комиссияның шешімімен елорда бойынша карантиндік шаралар күшейтілді. СОО, СҮ, сауда орталықтарында, азық-түлік емес тауарлар сату орындарының, қоғамдық тамақтану орындарының, жабық азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты қысқарды, ашық аспан аясында 100 адамнан аспайтын бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, бүкіл ел бойынша әрекет ететін басқа да алдын ала шешімдер қабылданды. Оларға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тоқталып өтті.