Балық шаруашылығы су айдындарын тауарлық балық шаруашылығын жүргізу үшін кәсіпшілік су айдындарынан ауыстыру қағидалары бекітілді. Сондай-ақ, заңнамалық деңгейде пайдаланушының тор шаруашылығын жүргізу үшін кәсіпшілік балық шаруашылығы учаскесін пайдалану құқығы көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов мәлімдеді.