Балық ресурстарының табиғи қорларының тұрақты жай-күйінің арқасында 2020 жылы 47 мың тонна балық ауланған. Шикізаттың болуы балық өнімдерін 75 млн АҚШ доллары сомасына 35,7 мың тонна көлемінде өңдеуге және экспорттауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов айтты.