Биыл Нұр-Сұлтанда тағы 143 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Елордада газ тарату желілерінің құрылысы жалғасуда. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов газдандыру барысы туралы баяндады.