2020 жылдың нәтижесі бойынша 85,7 млн тонна мұнай мен конденсат өнімдері өндірілді. Оның ішінде 68,6 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халыққа есеп беру кездесуі барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.