Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап 35% өсіммен 147 млрд теңгеден астам өнім өндірілді. Машина жасау үлесі өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің шамамен 40% құрайды. Қатарлы дестелегіштер – 2 – ге, трактор өндірісі - 2,5 – ке, комбайндар өндірісі 2,5 есеге жуық, жеңіл автомобильдер өндірісі 43%-ға артты. Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осындай мәліметтерді жария етті.