Пандемия басталғаннан бері Қостанай облысында COVID-19 жұқтырудың 16 732 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта 1 111 инфекциялық төсек- орын бар, 22 стационарда 178 науқас емделуде. Жүктеме – 16%, бірақ қажет болған жағдайда төсек-орын саны 3 мыңға дейін артуы мүмкін. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ағымдағы жағдай туралы баяндады.