Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық бірыңғай тестілеу «1 компьютер – 1 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша 51 пунктте электронды форматта өтті. Биылғы ҰБТ-ның маңызды артықшылықтарының бірі оны тапсыруға екі мүмкіндік беріліп, тестіленуші ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев жыл сайын 150 мыңнан астам түлек 10 күн ішінде қағаз түрінде ҰБТ тапсырғанын еске салды. Белгілі бір ыңғайсыздық, шиеленіс болды. Биыл электронды форматта өткізілді.