ХОК бастамасымен біліктілік іріктеу ережелері мен тәртібіне енгізілген өзгерістерге байланысты Қазақстан ҰОК басымдықтар тәртібін жедел өзгертті және спортшылардың бірқатар спорт түрлері мен дисциплиналар бойынша қатысуын кеңейтті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте комитеттің бас хатшысы Андрей Крюков айтып берді.