Облыс мектептерінің 63% - ы күрделі жөндеуден өтті. Бұл 249 білім беру нысаны. Бұл жұмысқа жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді. Биыл күрделі жөндеу жұмыстарына 56 мектеп кезекте тұр. Оларды жақсартуға 4,3 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар, 84 мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Балалар үшін 18 мектеп автобусы сатып алынады. Білім беруге баса назар аудару оқушылар контингентінің артуына байланысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО әкімі Құмар Ақсақалов айтты.