Атақты кинорежиссер Оливер Стоун мырза бұрынғы Кеңес Одағындағы Орта Азия мемлекеттерін жан-жақты зерттеп, әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген. Оның таңдауы жаңа заманның жаңа көшбасшысы ретінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа түскен. Ұлы Дала елінде қалыптасқан жақсы дәстүр бар – «Еліңде кімің бар?» деген сұрақ қою. Өйткені әр елдің келбетін оның табиғатының ландшафты емес, жер асты байлығы емес, тұлғалары, қабырғалы азаматтары қалыптастырған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Qazaq: history of the golden man» деректі фильмнің тұсаукесер көрсетіліміне дейінгі баспасөз-маслихатында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мәлім етті.