Салынып жатқан тұрғын үйдің сапасы халықтың наразылығын тудырады. Мемлекет басшысы бұған ерекше назар аударып, жалпы құрылыс сапасын арттыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды. Қазіргі уақытта министрлік құрылыс саласын цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ басшысының бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.