Сауда және интеграция министрлігінің жұмыс қорытындысына арналған Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бақыт Сұлтановтың сөздері еске алынды. 2020 жылдың сәуірінде ол көкөніс пен жемісті жыл бойы сақтауды қамтамасыз ететін көтерме-тарату орталықтарын құру туралы айтқан болатын, ал ең бастысы – маусымдық өнімдердің жетіспейтін 70% сырттан әкелудің қажеті болмайды. Барлық мерзімдер өтті, бірақ нысандар жоқ.