Мемлекеттің IT нарығынан біртіндеп шығуы жекешелендіру құралдары бар жаңа стратегияны, атап айтқанда халықаралық биржаларға IPО – шығуды көздейді. Ол үшін холдингті трансформациялау бойынша үлкен жұмыс басталды, ЭКСПО көрме кешені аумағында экожүйе құрылуда. Холдингке кіретін барлық компаниялар көрме кешенінің аумағына көшірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде есеп беру кездесуі барысында «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Арман Әбдірасылов хабарлады.