Айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға деген сұраныс артады. Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге осындай үндеуін жолдады.